Халық өз таңдауын жасауда белсенді болды
Халық өз таңдауын жасауда белсенді болды. Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова кешегі тарихи күнде әрбір қазақстандықтың қалыс қалмағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Еліміздегі ең атаулы, ең жауапты күндердің бірі. Бұл еліміздің келешегі халқымыздың болашағы, ол бәріміз үшін өте қымбат. Өте керек», – деді ҚР Еңбек Ері Аягүл Миразова.
Референдум - алдымен жастардың жадында жүріп, қаперінде қалуы тиіс науқан. Кешегі жалпыхалықтық дауыс беруде өз таңдауын жасаған жазушы Нұрдаулет Бәбиханұлы осылай деді.
«Референдум - өте маңызды, әрқайсымыз үшін ерекше, тарихи оқиға», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Нұрдаулет Ақыш.