Алматыда референдумды қолдау жөнінде алғашқы кездесу өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
«AMANAT» партиясының Алматы қалалық штабы алдағы айда 200-ге жуық кездесу өткізуді жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшелері – штаб жетекшісі Мейіржан Отыншиев, депутаттар Әсия Ақанова мен Алмат Қодасбаев Алматы сән және дизайн колледжінің еңбек ұжымымен және студенттерімен ел Президентінің Конституциялық реформасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде аталған оқу орнында 112 қызметкер жұмыс істейді және мыңға жуық студент білім алуда. Кездесу барысында ҚР қолданыстағы Конституциясына 33 түзету енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылар санын 5 мың адамға дейін қысқарту, Конституциялық сот құру, сондай-ақ елімізде өлім жазасының жойылуы туралы сөз қозғалды. Осы және басқа да маңызды реформаларға партияның қалалық штабының басшысы Мейіржан Отыншиев жеке тоқталды.

«Жаңа Қазақстанның қалыптасуына Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформаларды іске асыруға үлес қосу – біздің әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де орын алды. Бұл қалыпты саяси процесс, өйткені уақыт өте келе қоғамдық-саяси жағдайға қойылатын талаптар өзгеруде», – деді штаб жетекшісі Мейіржан Отыншиев.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлық, тепе-тең моделін енгізу жоспарда бар. Қалалық штаб мүшесі Әсия Ақанованың айтуынша, бұл қадам сайлаушылардың көзқарасы мен пікірі барынша толық қамтуға жол ашады. Алдағы реформалар азаматтардың өңірлердің де, тұтас ел мүмкіндіктерінің жандануын бекітуге көмектеседі. «AMANAT» партиясының Алматы қалалық штабы алдағы айда 200-ге жуық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Новости партнеров