Әділетті ел болу үшін жастар әділетті болуы керек – Аягүл Миразова

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әділетті ел болу үшін жастар әділетті болуы керек. Олар әділет үшін күресе білуі тиіс деген Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды.

«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек ету керек, күресе білуі тиіс. Біздің мемлекетімізді құратын да, оны дамытатын да, оны әділетті ететін де, ол – сіздер мен біздер, жастар! 20 қараша күні құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.

Новости партнеров