Алматыда сайлауда ұлт зиялылары да дауыс берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяси науқаннан ұлт зиялылары да қалыс қалған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Академик Мұрат Жұрынов бүгін алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Ол қаладағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Мұның өзін жаңашылдықтың белгісіне балауға болады, - дейді қоғам қайраткері.

«Мен бүгін дауыс беріп шықтым. Қазақстан халқы - білімі де мәдениеті де жоғары халық. Сондықтан сайлаушылардың таңертең ерте тұрып дауыс беріп жатқанын көрдім, бұл қуантарлық жағдай. Өйткені біз Қазақстанның болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз», – деді ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

Дауыс берушілердің арасында Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, белгілі ақын Бауыржан Жақып та бар. Қаламгер кезектен тыс өтіп жатқан бұл сайлаудың ел ертеңі үшін маңызы зор дейді. Сол себепті болашаққа қадам болсын деген ниетпен саяси науқанға отбасымызбен бірге келіпті.

«Әркім өз таңдауын жасайды ғой, мен де өзімнің таңдауымды жасадым. Отбасымның амандығы, еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Әрбір адам өзінің конституциядағы құқығын пайдаланып, дауыс береді», – деді  ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Новости партнеров