Шынар Жанысбекова: Сайлау – ел болашағы үшін өзгерістер есігі болмақ

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлау – ел болашағы үшін өзгерістер есігі болмақ. Бұл – актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекованың пікірі. Оның айтуынша, ҚР әр азаматы жауапкершілік танытып, сайлауға қатысуы қажет.

«2022 жылдың 22 қарашасында өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауы ел болашағы үшін өзгерістер есігі болмақ. Қазақстанның әр азаматы жауапкершілік танытып, сайлауға қатысуы қажет. Сонда ғана біз әділ сайлауға қол жетікізіп, жаңа Қазақстанды бірге құратын боламыз. Бірлігіміз жарасқан ел ретінде бәріміз сол күні учаскемізге барып, дауыс берейік», – деді актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Новости партнеров