Реформалар өз нәтижесін беруі керек – Абзал Әріпов

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 қарашада елімізед Кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Наурызбай ауданы бойынша Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абзал Әріпов бұл сайлаудың өзі үшін маңызды екенін айтады. Алдағы сайлау елдегі саяси және экономикалық  реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам.

«Мен үшін бұл сайлау маңызды. Елімізде саяси өзгерістер болып жатыр. Мысалы, президент сайлауына түсетін адам кандидат ретінде бір рет ұсына алады. Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап біраз реформа ұсынды. Алдағы сайлау сол реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам. Реформалар өз нәтижесін беруі керек. Сайлаудан әділеттілікті, тұрақтылықты күтемін», – деді Наурызбай ауданы бойынша Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абзал Әріпов.

Новости партнеров