Финалда Испания және Франция құрамалары кездесті
Футболдан Франция құрамасы UEFA Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Финалда Испания және Франция құрамалары кездесті. Екеуі де жеңіске жету жолын іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде қақпа құлпы ашыла қойған жоқ. Екінші кезеңде құрамалар шабуыл шебін күшейте түсті.
Нәтижесінде испаниялық Микель Оярсабаль 64-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін Франция құрамасы сапынан 66-минутта Карим Бензема таразы басын теңестірді. Ал 80-минутта Килиан Мбаппе Франция құрамасын алға шығарды.
Еске салсақ, жартылай финалда Франция Испанияны 3:2, Испания Италияны 2:1 есебімен сүріндірген еді.
Айта кетсек, бүгін 3-орын үшін сайыста Италия Бельгиядан 2:1 есебімен басым түсіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. 2020/21 жылғы кезеңде Қазақстан құрамасы А тобында Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен ойнап, төртінші орынды місе тұтты.
Енді қазақстандық футболшылар 2022 жылдың 24 және 28 наурыз күндері өтпелі кезең ойындарын өткізеді. Жеңген құрама С лигасында қалады.
Ұлттар Лигасы ойындары 2018 жылдан бастап өткізіледі. Алғаш рет Португалия құрамасы чемпион атағын жеңіп алды.
2019 жылы болған жарыстың финалдық сатысында Португалия, Нилерланды, Англия мен Швейцария құрамалары бәсекеге түсті.
Бұл жолы Қазақстан құрамасы D лигасында бірінші топта Грузия, Латвия және Андоррамен сынға түсіп, екінші орын алды.