Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды

sports.kz
sports.kz
Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы Ландисвилле (Пенсильвания) ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А. Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға қиналмай жетті.

Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялықтар Хан-На Ли - Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.

Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.

Осылайша, А. Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар, WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған болатын.


Новости партнеров