Жапондықтар Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқанын талқылап жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Жапонияда Геннадий Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқаны талқыланып жатыр. «Кімге көңілің толса, соған сыйла» деген тақырыппен nikkansports.com сайты мақала жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Материалда қазақстандық боксшының жекпе-жек біткен соң жанкүйерлерге алғыс білдіргені жазылады. Сондай-ақ Головкиннің өз шапанын қарсыласына жабу себебін боксшының сөзімен түсіндіреді.

«Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Оған деген жақындықты сезіндім және мен оны қатты құрметтеймін. Мен оны керемет чемпион деп есептеймін. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Оны ең құрметті адамға жабатын дәстүр бар. Сол себепті, оны Муратаға жаптым», - деген Геннадий Головкин.

Ал news.yahoo.co.jp сайты GGG өз шапанын тұңғыш рет қарсыласына сыйлады деген дерек келтіреді.

«Промоутер Том Леффлердің сөзінше, Головкин бірінші рет өз шапанын кигізіп тұр. Ол батыл қарсылық көрсеткен жапон батырына «Бұл менің Муратаға құрметім» дегені», - деп жазыпты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберген еді .

Новости партнеров