Қазақстандық ауыратлет Алла Важенина 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын медалін алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшыға марапат 30 қарашада Ұлттық олимпиада комитетінің салтанатты шарасында табысталды. Бейжің олимпиадасында Важенина 75 келі салмақ категориясында екінші орын алған. Ал бас жүлдені қытайлық Цао Лэй алған болатын.
Қытайлық спортшы 2017 жылы допинг қолданғаны үшін марапаттарынан айырылған.
Сонымен қатар, Олимпиада-2008 ойындарында ауыратлет Ольга Рыпаковаға күміс медаль табысталды. Ресейлік спортшы Татьяна Лебедева қатарынан үш рет секіруде екінші орын алған. Ол марапаттарынан айырылып, үшінші орын алған қазақстандық спортшы екінші орынға жайғасты.