Әлем чемпионы атанған Елеусіновтің есімі отандық бокс тарихына енді

19.12.2021 15:47
ҚазАқпарат

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леальді (15-2, 4 КО) жеңіп, өз есімін отандық бокс тарихына енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елеусінов кәсіпқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық 5-інші боксшы болып отыр. Д. Елеусінов Х.Леальмен өткен жекпе-жекте жартылай орта салмақта IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды. Бұған дейін Қазақстан боксшылары арасынан әлем чемпионы атанғандар: Василий Жиров (38-3-1, 22 КО), Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) және Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО). Олардың арасында бүгінде кәсіпқой бокста мансабын жалғастырып жатқаны – 39 жастағы Геннадий Головкин. Ол орта салмақтағы IBF және IBO белдіктеріне ие. Оның алдында Головкинге WBA Super және WBC белдіктері тиесілі болған еді.