Самбодан ӘЧ-2021: қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды

instagram/nurken_adai
instagram/nurken_adai
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Самбодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандар ұлттық құрама қоржынына тағы екі күміс пен үш қола медаль салды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ажар Салықова (65 келі) мен Ділдәш Құрышбаева (72 келі) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үш жігіт қола жүлдені иеленді: Айдын Дартаев (79 келі), Нұркен Домбаев (58 келі) және Әділбек Сейісов (64 келі).

Ташкенттегі екі күнге созылған жарыстан кейін қазақстандық самбисттердің қоржынында 9 медаль бар – екі алтын, үш күміс және төрт қола. Әлем чемпионаты 14 қарашада аяқталады.

Новости партнеров