Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықованы құттықтады

открытые источники
открытые источники
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен Әнел Сытдықованы құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова  Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өтті. Ол 38 шақырымды 15 сағат 15 минутта еңсерген.

Новости партнеров