Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтетін бокс кешінің ақылы трансляциясының құны туралы ақпаратты жарияланды
DAZN стримингтік платформасы 17 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтетін бокс кешінің ақылы трансляциясының құны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шоудың негізгі оқиғасы DAZN тұрақты жүйесінде емес, PPV жүйесінде көрсетіледі. Осылайша, АҚШ-та хабар тарату құны жаңа пайдаланушылар үшін $84,99 және белсенді жазылушылар үшін $64,99 болады. Британдық көрермендер трилогияның финалын көру үшін £17,98 төлеуі тиіс. Бұл ретте андеркартты Қазақстан, Мексика және Латын Америкасынан өзге де аумақта тұрақты абоненттер де пайдалана алады.