23 мамырда «Абай» спорттық-мәдени кешенінде өткен Азия чемпионатының жартылай финалында отандық әйелдер құрамасы Гонконгтан келген команданы 27:23 есебімен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Халықаралық регби одағының осындай ауқымды спорттық іс-шараны өткізуге құқық беруі – Қазақстандағы регбидің жоғары бағалауының белгісі, ал біздің әйелдер командасы Азиядағы ең мықты командалардың бірі болып танылды, – деп ой бөлісті Қазақстан Регби федерациясының президенті Айгүл Жартыбаева.
Чемпионат финалы 28 мамырда сағат 15:00-де «Абай» спорт-мәдени кешенінде өтеді, онда Қазақстан құрамасы Жапония командасына қарсы ойнайды.
Анықтама:
Әйелдер арасындағы регбиден Азия чемпионаты 2006 жылы Қытайдың Куньмин қаласында өткен алғашқы турнирден басталды. Содан бері Қазақстан бес рет, Жапония төрт рет, Қытай мен Гонконг бір рет жеңіске жетті.
Турнирдің жеңімпазы мен финалисті (тиісінше Жапония мен Қазақстан командалары) жыл сайынғы халықаралық WXV әйелдер жарысында өнер көрсету құқығына ие болады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!