Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин мен Аружан Сағындықова халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі prosports.kz сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты.
Г. Ломакин мен О. Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.
Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л. Мартинес пен К. Родригес сәттірек ойнады – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).
Мароккода сондай-ақ үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті. Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Испанияда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтқанын, қазақстандық теннисшінің Колумбиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы болашақта «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткісі келетінін мәлім етті.