Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталды

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталды
Бәсекеде әлемнің 61 елінен 500-ге жуық жас татами шебері өзара мықтыны анықтайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтерді. Олар төрт күн бойы 16 түрлі  салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Байрақты бәсекеде әлемнің 61 елінен 500-ге жуық жас татами шебері өзара мықтыны анықтайды.  Айта кетерлігі, осы чемпионатты өткізуге Қазақстаннан бөлек Моңғолия және Біріккен Араб Әмірлігі де  үміткер болған. Осы дүбірлі додада ел намысын  20 дзюдошы қорғайды.

«Спортшылардың арасында әлем чемпиондары да бар. Бұл сайысқа тіпті сонау Жапония, Бразилиядан да спортшылар келді. Сондықтан бұл жарыс жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін», – деді ҚР Дзюдо федерациясының рефери директоры Мухсин НУРТАЗИН.

Новости партнеров