15 қарашада Өскеменде Тараз және Алматы командалары арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Спорт басқармасына сілтеме жасап.
Қазақстан чемпионы «Буревестник-Алматы» клубы суперкубокты үшінші мәрте жеңіп алды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев спортшыларды кезекті жеңісімен құттықтады.
"Еліміздің суперкубогының үш дүркін иегері атанған «Буревестник-Алматы» клубы командасын, жаттықтырушылар құрамын құттықтаймын! Волейболшылар 2022 жылы мамырда Катарда өтетін Азия чемпионатының беделді турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Еліміздің суперкубогының үш дүркін иегері атанған «Буревестник-Алматы» клубы командасын, жаттықтырушылар құрамын құттықтаймын! Волейболшылар 2022 жылы мамырда Катарда өтетін Азия чемпионатының беделді турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды. pic.twitter.com/mHEvXun14k
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 15, 2021