Халықаралық футбол федерациясы яғни, FIFA Қазақстан футболына 1 жарым миллион АҚШ долларын бөлді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 500 мыңы әйелдер футболын дамытуға бағытталған. Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай қаражат ұйымға мүше қауымдастықтардың барлығына коронавирус пандемиясымен күресте көмек көрсету үшін берілмек. Одан бөлек, FIFA халықаралық қауымдастықтарға 500 мыңнан 5 миллион долларға дейін несие беруге ниетті. Бірақ оның мөлшері қауымдастықтың жылдық кірісінің 35 пайызынан аспауы керек.