Спортшы бұған дейін жапониялық Мизука Харададан айласын асырған еді
Турнирдің ширек финалында аустриялық дзюдошы Жаклин Спрингермен кездесуде отандасымыз басымдық танытып, жартылай финалға өтті. Енді Абиба финал жолдамасын нидерландтық Эмбер Гершеспен сарапқа салады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Абиба Әбужақынова бұған дейін жапониялық Мизука Харададан айласын асырған еді.
Сондай-ақ Линц Гран Приінің 60 келі бойынша бәсекесінде қазақстандық Талғат Орынбасар1/8 финалда бразилиялық Мишель Аугустоға жол беріп, жүлдесіз қалды.
«Қазақстан дзюдошыларынан енді 66 келіде 66 келіде Нұрмұхамед Ботабай 1/8 финалда өзбекстандық Дилшодбек Баратовпен белдеседі», - делінген хабарламада.
Бұған дейін әйелдер арасында 52, 57 келіде белдескен балуандарымыз жарысты алғашқы айналыммен аяқтаған болатын. 7-8 наурыз күндері Аустрияда өтіп жатқан бұл сынға Қазақстан құрамасы сапында барлығы 14 дзюдошы аттанған еді.
Оқи отырыңыз: Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты