Алматыда бокстан халықаралық жарыс өтуде

12.02.2025 13:22

Халықаралық дода Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне ұйымдастырылып отыр

Almaty.tv

Алматыда Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан спортшыларының қатысуымен бокстан ауқымды жарыс өтуде. Халықаралық дода қазақтың әйгілі композиторы,Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рухты әндерімен халық мәдениетінде өшпес із қалдырған композитордың өнері Орта Азия елдерінде де кеңінен таралған. Бүгінде оның шығармашылығын дәріптеп, құрмет көрсету үшін жиналған жас спортшылар 13 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, жарысқа шығады. Сайыс болашақ чемпиондардың жолын ашып, аймақтық спорттың дамуына серпін берері анық.

"Әкем боксты өте жақсы көретін, көрермен ретінде үзбей тамашалайтын. Спортқа арнаған әндері бар. Сондықтан турнир өткізіп жатырмыз, балалар жеңіске жетіп,  болашақта олимпиада чемпионы, әлем чемпионы болар мүмкін", – деді Е. Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Қатарды жеңді