Азия ойындары: керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Қатарды жеңді

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ

Кездесу 11:2 есебімен аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Харбиндегі Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің керлингшілер Қатар құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 11:2 есебімен аяқталып, жеңіс Қазақстан құрамасының еншісіне жазылды.

Ұлттық құрама үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.

11 ақпанда ерлер құрамасы да өз кездесуін өткізді. Алайда Оңтүстік Кореяға қарсы ойында жеңіске жете алмады. Қарсыластар 12:2 есебімен басым түсті.

Новости партнеров