Алматыда өтетін халықаралық кәсіби күрес лигасында ел намысын кімдер қорғайды

25.02.2025 16:19

Олардың қатарында үш дүркін Азия чемпионы атанған Жәмилә Бақбергенова бар

Алматыда өтетін халықаралық кәсіби күрес лигасында ел намысын 3 балуан қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында үш дүркін Азия чемпионы атанған Жәмилә Бақбергенова бар. Балуан қыз Қырғызстан спортшысы Айпері Медетқызымен бозкілемде бақ сынайды. Ал еркін күрес құрамасының капитаны, әрі Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков Беларусь елінен келген Магомедхабиб Кадимагомедовпен белдеседі.

Айта кетейік, аталған спорт сайысы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өтеді.

 «Бір жарым ай бұрын қарсыласымызды білдік, бапкерлермен отырып,  жоспар құрдық. Физикалық тұрғыдан, таулы жерде өтті. Кілемде көптеген спарринг жасадық. Шыдамдылық артты. Алла қаласа, жеңіске жету үшін дайындалып жатырмыз», – деді Еркін күрестен қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан.

Айта кетейік, сегізінші рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық күрес лигасында әйгілі америкалық бозкілем шебері Кайл Снайдер 97 келіге дейін салмақта екі жекпе-жек өткізеді. Ол алдымен ресейлік Константин Пшеничниковпен күрессе, содан кейін Қазақстанның еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға қарсы бақ сынасады.

«Осы бағытта жұмысымызды жалғастыра береміз. Тек еркін күрес болмайды, грек-рим және қыздар күресі болады. Болашақта дамып, ең мықты жобалардың бірі болады деп ойлаймыз», – деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан каратэшілері БАӘ-де чемпион атанды