Ангелина Лукас әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін рингке шықпақ

10.04.2025 20:22

Боксшы абсолютті чемпион атағы үшін міндетті үміткер болғанын қуана жеткізді

instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO, WBF, WIBF, WBC атақтарының иегері Ангелина Лукас алдағы уақытта абсолютті чемпион атағы үшін рингке шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Ангелина Лукас Instagram желісінде видео жариялап, қазіргі уақытта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғауға дайындалып жатқанын айтты. Боксшы абсолютті чемпион атағы үшін міндетті үміткер болғанын қуана жеткізді.

"Биыл Габриэла Фундораға қарсы жекпе-жекке шығамын — абсолютті әлем чемпионы атағы үшін! Келіссөздер басталды. Мен ресми түрде абсолютті чемпиондыққа міндетті үміткермін! Бірақ алдымен, 1 маусым — Балаларды қорғау күнінде туған қалам Таразда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағымды қорғаймын. Қарсыласым — Мексикадан немесе АҚШ-тан. Бұл жекпе-жек өте қызу өтеді", - деп жазды видео сипаттамасында Ангелина Лукас.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстағы 15 жекпе-жектің 14-інде жеңіске жеткен Ангелина Лукас қарсыластарын жеті рет мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Тек бір жекпе-жекте ғана жеңіліс тапқан.

Оқи отырыңыз: Олар баланың жанын алуға келді: Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді