Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді

23.04.2025 14:41

Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені

Kawê Rodrigues /Unsplash

Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Федерацияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14–16 тамыз аралығында өтеді.

«Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды», - делінген хабарламада.

Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені.

 Оқи отырыңыз: Grand Slam: Астанада дзюдодан әлемдік рейтингтік турнирі өтеді