Азия ойындары: ел қоржыны екі медальмен толықты

Медали.PNG
Медали.PNG

Қазақстан қоржынына 15 медаль (3 алтын, 7 күміс және 5 қола) түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтырақ айтсақ, шаңғы спортынан әйелдер арасында командалық эстафетада спортшыларымыз күміс алды. Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина шықты. Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Ал жігіттер 7.5 шақырымдық эстафетада қола жүлдені қанжығаға байлады. Жарыс жолына қазақстандық спортшылардан Олжас Климин, Владислав Ковалев, Константин Борцов және Наиль Башмаков шықты. Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.

Ал ски-альпинизм додасы бойынша жұлде бұйырмады. Харбинде өткен мұз спорты бойынша тек мәнерлеп сырғанаудан аралас жұптар арасында жүлделер сарапқа салынды. Өкінішке қарай қазақстандық жұп Байсанғұр Датиев және Гаухар Наурызова бесінші орын алды.

Хоккейден  Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының А тобын сәтсіз бастады. Өкінішке қарай отандастарымыз қарсылас қақпасына бірде-бір шайба соға алмады. Ал жапониялықтар өз кезегінде төрт шайда соғып ойынды 0:4 есебімен аяқтады.

Керлингтен қыздар құрамасы бүгін екі матч өткізді. Алғашқы ойында, қыздарымыз Оңтүстік Кореяға 2:8 есебімен жеңілді. Ал Тайланд құрамасына қарсы ойында 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанды 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан қоржынына 15 медаль (3 алтын, 7 күміс және 5 қола) түсті, жалпы есепте 4-орында келе жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда бокстан халықаралық жарыс өтуде

 

Новости партнеров