Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын иеленді

Іnstagram.com/boxingkazakhstan
Іnstagram.com/boxingkazakhstan

Жарыс жеңімпаздары 8 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жалпы медальдар кестесінде нешінші орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола, барлығы 10 медаль жеңіп алды. 

Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (+92 кг) алтыннан алқа тақты.

Қазақстан әйелдер құрамасынан Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпион атанса, тағы 5 боксшы қола жүлдеге ие болды.

"Осылайша, Қазақстан құрамасы барлығы 9 алтын, 5 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан екінші орынға шықты. Алтын медаль бойынша Өзбекстан ғана (11) алда тұр", - делінген хабарламада.

Қазақстан әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен көш бастаса, ерлер Өзбекстанды (8 алтын, 2 күміс, 1 қола) алға жіберді.

Азия чемпионатының жеңімпаздары 8 мың АҚШ доллары (4,1 миллиондай теңге), күміс жүлдегерлер 4 мың, қола алғандар 2 мың доллар көлемінде сыйақы алды. 

Оқи отырыңыз: "Челси" ойыншылары Алматыға келді: бүгінгі ойынды қайдан көруге болады

Новости партнеров