Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды
Қазақстандық Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулден Әлем кубогының кезеңінде алтыншы орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, спортшы негізгі финалға жолдама алған еді. Алайда жүлде үшін күресуге мүмкіндік болмады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысты ағымдағы кезеңдерде аяқтау туралы шешім қабылданды.
«Нәтижесінде, әйелдер арасындағы орындар бірінші финалдың қорытындысы бойынша бөлінді. Онда Анастасия Городко алтыншы, ал Юлия Галышева жетінші болды», - делінген хабарламада.
Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды. Соңында Павел Колмаков бесінші орынға ие болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Тунисте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты