Беделді турнир 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді
Астанада үшінші рет дзюдодан Grand Slam сериясындағы әлемдік рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Беделді турнир 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Турнир қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.
Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшыға — 1000 ұпай, екінші орынға — 700 ұпай, ал үшінші орынға — 500 ұпай жазылады.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісім бойынша Қазақстан 2026 жылға дейін Grand Slam сериясындағы турнирлерді қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мадридтегі турнирде чемпион атанды