Қазақстан құрамасы керлингтен Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Immo Wegmann / Unsplash
Immo Wegmann / Unsplash

Топтық кезеңнің үшінші матчында спортшыларымыз Қатар құрамасымен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.

"Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.

Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті

Новости партнеров