Әзербайжан клубы қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отыр

16.02.2025 15:58

«Нефтчи» Ислам Чесноковты өз қатарына қосқысы келеді

 

Фото: Severin Aichbauer/Getty Images

Әзірбайжанның ең титулды клубтарының бірі бакулік «Нефтчи» Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың кандидатурасына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Әзербайжанның тоғыз дүркін чемпионы қостанайлық «Тобылмен» байланысқа шығып, клубты қанағаттандыратын тиімді сатып алу ұсынысын жасады.

Бірақ Чесноковтың өзі Батыс чемпионаттарының біріне кетуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін шотландиялық «Хартс» 25 жастағы Чесноковты бақылап жүргені белгілі болғанымен, «Тобыл» Эдинбург клубы ұсынған шарттарға қанағаттанбады.

Оқи отырыңыз: "Челсиге" ауысқан қазақ футболшысының жалақысы белгілі болды