Қазақстан ұлттық спортты дамытуға қанша қаржы бөлді

16.04.2025 14:40

Елімізде ұлттық спорттың 11 түрі ресми тіркелген

Аlmaty.tv

Туризм министрлігі 2024 жылы ұлттық спорт түрлерін дамытуға жергілікті бюджеттен 4,8 миллиард теңге, республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, елімізде ұлттық спорттың 11 түрі ресми тіркелген.

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай Қазақстанда 700 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Оларда 1700 жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның мыңы ауылдық жерлерде. Елімізде 17 мамандандырылған спорт клубы, 15 спорт мектебі және бір республикалық дирекция жұмыс істейді.

“Ұлттық спорт түрлерін республикалық деңгейде дамыту мақсатында Қазақстанның Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастыққа ұлттық спорт түрлерінен 10 федерация кіреді”, – деді Серік Жарасбаев.

Оқи отырыңыз: 900 млн теңгенің мүлкі тәркіленді: Астанада заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды