Қазақстандық могулшылар әлем чемпионатында екі мәрте үздік ондыққа енді

19.03.2025 19:41

Жарыс нәтижесінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко оныншы орынға ие болды

Photo by Chris Boese on Unsplash

Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының жарыстары өтті, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді. Жарыс нәтижесінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко оныншы орынға ие болды, ал Юлия Галышева 14-орынмен жарысты аяқтады», - делінген хабарламада.

Ерлер арасында жапондық Икума Хоришима жеңіске жетті. Күміс жүлдені канадалық Микаэль Кингсбери алды.

Оқи отырыңыз: Қоршауда қалдық: Аралтөбедегі аудан барар жалғыз көпірді су шайып кетті