Финалдық сайыстар 27-28 сәуір аралығында өтеді
25 сәуірде Мысырдың Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.
«Еркін жаттығуларда Милад Карими үздік нәтиже көрсетіп, 14.066 ұпай жинады. Осылайша, ол іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады”, - делінген хабарламада.
Ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та сәтті өнер көрсетіп, финалға өтті.
Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті
Құрбанов 14.200 ұпаймен алтыншы, ал Ыдырысов дәл осы ұпаймен жетінші орын алды.
Финалдық сайыстар 27-28 сәуір аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз: Елімізде заңсыз айналымнан ірі көлемде есірткі тәркіленді - ІІМ