Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова шетелдік команданың капитаны атанды

Фото: instagram.com/altynbekova_20
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның "Yogya Falcons" клубының капитаны атанды, деп хабарлайдыі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ULT.kz- ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова шетелдік командада өнер көрсетіп қана қоймай, капитаны атанды. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. 

"Мен үшін Yogya Falcons командасының капитаны болу – үлкен құрмет. Бүкіл командаға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директорына көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамын. Капитан болу мен үшін жаңа нәрсе емес, сондықтан бұл міндеттің қаншалықты жауапты екенін жақсы білемін. Сенімді ақтаймын. Бүгін алғашқы ойынымызды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер де болды, бірақ біз оларды түзетуге дайынбыз және 2025 жылғы Пролигаға дайындаламыз. Алда үлкен жеңістер, жаттығулар күтіп тұр", - деді Алтынбекова. 

Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекова индонезиялық клубпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз: Алматыда үстел теннисінен үздік спортшылар арасында жарыс өтеді

Новости партнеров