Турнирдің басты мақсаты - ұлттық ойынды дәріптеу арқылы жастардың интеллектуалды қабілетін дамыту
Алматының Бостандық ауданында Қазақстан халық ассамблеясының 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ойынға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен 60-қа жуық мектеп оқушылары қатысқан. Турнирдің басты мақсаты - ұлттық ойынды дәріптеу арқылы жастардың интеллектуалды қабілетін дамыту.
"Бұқаралық спорттық шаралар көп болады. Нәтижесінде Алматы қаласының республикалық мықты спортшылардың құрамасын жасақтаймыз. Алматы қаласының жастары, әсіресе оқушылар республикалық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп келе жатыр. Сондықтан осындай шаралардың көп болғаны дұрыс", – деді республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсын.
Оқи отырыңыз: Су добы: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!