Әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

Чемпионатқа 50-ден астам елдің 239 спортшысы қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы халықаралық әуежайда 2025 жылғы 6-16 наурыз аралығында Сербия Республикасының Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Елге оралған спортшылар қатарында әлем чемпионы Аида Әбікеева, әлем чемпионатының қола жүлдегері Наталья Богданова, сондай-ақ Анита Адишева, Карина Ибрагимова, Жасмин Кизатова және Надежда Рябец бар.
Еске сала кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды. Бірінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль) иеленсе, үшінші орынға Түркия құрамасы (1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль) тұрақтады.

Бұл чемпионатта Назым Қызайбай Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Алтын медальді Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева жеңіп алды. Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова күміс жүлдеге ие болса, Наталья Богданова қола медаль иеленді.

Бұл Қазақстан үшін жоғары бәсекелестікте өткен маңызды жекпе-жек екенін көрсетеді.

Дереккөз:  Aikyn.kz.

Оқи отырыңыз: Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатындағы жеткен жетістігі қандай

Новости партнеров