Нысана көздеуден Азия кубогында Қазақстан 6 алтын медаль ұтып алды

19.02.2025 18:15

Спортшыларымыздың қоржынында 13 жүлде бар

panamsports.org

Бангкокта (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы өтуде. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің аяқталуына бірнеше күн қалғанда, біздің спортшылардың қоржынында 13 жүлде бар.

"Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату); Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату); Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай); Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай, командалық жарыс)", - делінген хабарламада.

Күміс жүлде иегерлері: Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс); Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша); Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Чирюкин (жылдам ату тапаншасы); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай).

Қола жүлдеге ие болған спортшылардың қатарында Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату).

Айта кетейік, Бангкоктағы жарыстар әлі жалғасуда. Турнирде әртүрлі жас санаттары бойынша да жүлделер сарапқа салынады. Азия кубогы 22 ақпанда аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан чемпионаты: Алматыда конькимен жүгіруден 100-ге жуық спортшы бақ сынасты