Бокстан Өзбекстан чемпионаты 20-28 қаңтар аралығында өтті
Ташкентте аяқталған Өзбекстан чемпионатында 6 қазақ боксшысы жүлдеге қол жеткізді. Бокстан 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен сында жергілікті этникалық қазақ спортшылары кезекті рет ұлттық құрама сапына енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде 63,5 келіде әлем чемпионы Руслан Абдуллаев пен 60 келіде Мадияр Данияров Өзбекстан чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мадияр Сайдрахимов, Арман Маханов күміс жүлдеге ие болса, Саят Илясов пен Сабыржан Тастанов қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кететін жайт, ерлер мен әйелдер санаты бойынша ересектер арасындағы бокстан Өзбекстан чемпионаты 20-28 қаңтар аралығында өтті.
Турнирдің іріктеу кезеңі 21-25 қаңтар күндері өзбек астанасындағы олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлері дайындығы орталығының бокс ұйымдастырылса, жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер 26-28 қаңтар күндері "Ренессанс Холл" ғимаратында жалғасты.
Оқи отырыңыз: Аударыспақ: Алматыда өтетін чемпионатқа спортшылардың дайындығы қалай
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!