Әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңі: қазақстандық спортшы күміс жүлде алды

Taiki Ishikawa / Unsplash
Taiki Ishikawa / Unsplash

Алтын медальді Ұлыбритания өкілі жеңіп алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды», - делінген хабарламада.

Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.

Оқи отырыңыз: Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшы нешінші орын алды

Новости партнеров