Алтын медальді Ұлыбритания өкілі жеңіп алды
Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды», - делінген хабарламада.
Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.
Оқи отырыңыз: Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшы нешінші орын алды