Странджа кубогі-2025: Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

25.02.2025 21:14

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыс Болгария астанасы Софияда өтіп жатыр

Almaty.tv

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Странджа кубогі-2025 турниріндегі бірінші айқасын өткізді. Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыс Болгария астанасы Софияда өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

86 келі салмақта жұдырықтастатын Бекзат жарыстың 1/8 финалында өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен жекпе-жек өткізді.

Бекзат бұл айқаста қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Оқи отырыңыз: Алматыда өтетін халықаралық кәсіби күрес лигасында ел намысын кімдер қорғайды