Странджа кубогі-2025: Нұрбек Оралбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті

©Сали Сабиров, ҚР ҰОК
©Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Париж Олимпиадасының жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

86 келі салмақта жұдырықтастатын Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті.

Екінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жіберді, соққының ауырлығынан Жечевтің капасы ұшып кетті. Осыдан кейін жекпе-жек мүлде тоқтатылып, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз: Странджа кубогі-2025: Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Новости партнеров