Су добы: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

26.02.2025 18:37

Алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен ұтқан болатын

Emmanuel Lelievre / Unsplash

Чжаоцинде су добынан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Екінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 25:6 есебімен аяқталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен ұтқан болатын.

Жалпы, Азия чемпионатына алты команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізуде.

Оқи отырыңыз: Кәсіпқой күрес лигасы: Алматыға 20-дан астам спортшы келді