Алматы мәслихаты «Қалқаман» метро бекетін «Барлық» базарына дейін ұзарту жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кезекті сессия барысында жергілікті депутаттар қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарын қабылдады. Жоспар бойынша метроның үшінші кезеңіндегі 5 жарым шақырымнан асатын бірінші тораптың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрықты салып бітіру көзделген. Бұдан бөлек алдағы уақытта қаланың 8 шағын ауданында жалпы ұзындығы 140 шақырым жол жөнделмек.