Әуезов ауданында 50 көше жөнделді. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру туралы ӨКҚ-ның брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
С. Сайфеденовтың хабарлауынша, ұзындығы 32,4 км 23 көшеге және өтетін жолдарға орташа жөндеу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ұзындығы 16,9 км. 17 көше және өтетін жолдар қазірдің өзінде жөнделді (52% орындалды). 2022 жылдың қарашасына дейін барлық участоктардағы жұмыстар аяқталады.
Бұл ретте ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын 15 учаскеде жаяу жүргіншілер жолы жөнделсе, бүгінгі күнге 13 учаске (87%) жөнделді. Жұмыс биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Аудан әкімі коммуналдық шаруашылық саласындағы ахуал туралы айтып берді.
«2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің коммуналдық қызметтерінің жағдайын жақсарту қажет. 2022 жылы 190 лифт ауыстырылды, 12 лифт жұмыс істейді. Сондай-ақ, жоспарланған 40 млн теңгеге 8 көпқабатты үйде қоғамдық аумақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді аудае әкімі.
Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты айта кетсек, Әуезов ауданы сумен, газбен, электрмен қамту 100%, кәріз желілерімен 85% қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, желілерді қайта құруды қажет ететін бірқатар проблемалық аймақтар бар. Мәселен, қала әкімі Е.Досаевтың тапсырмасы бойынша су құбыры және судан бұру желілерін салу және жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Достық, Мамыр-4 шағын аудандарында 61,8 км, Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері - Қарғалы өзені көшелерінің алаңында, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінің бойында.
Бұл жобаларды жүзеге асыру 2000-нан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.