Алматының автопарктері 400-ге жуық экологиялық таза автобустарды сатып алмақ

пресс-служба городского акимата
пресс-служба городского акимата
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қоғамдық көліктер тарпынан болатын жол-көлік апаттарының санын азайту үшін барлық автобустарда бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының автопарктері 400-ге жуық экологиялық таза автобустарды сатып алмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көліктерді жаңарту, кадрлар тапшылығын шешу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды.

Экологияны сауықтыру мақсатында дизельді автобустарды газбен ауыстыру мәселесі кезеңмен шешілуде. Дизельмен жүретін автобустар қала маңы бағыттарына ауыстырылады. Толық ауыстыруды аяқтау 2025 жылға дейін жоспарланған.

Бүгінгі күні жолаушылар тасымалдау үшін газбен жүретін 352 автобус, дизельді отындағы 1373 автобус, электрдің тартуындағы 14 автобус, 160 троллейбус жолға шығуда. Күн сайын қоғамдық көліктің барлық түрінде 1,1 млн транзакциялануда.

Ағымдағы жылы жеке тасымалдаушылар экологиялық таза жанармаймен жүретін 246 автобус сатып алуды жоспарлауда. Оның 208-і газбен, 38-і электр тартуымен жүреді.

Сонымен қатар, жақын арада «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің қалған 150 автобусы жеткізіледі деп күтілуде. Көліктерді жанармаймен үздіксіз қамтамасыз ету үшін автопарк жеке жанармай бекетін іске қосты.

Жүргізушілер тапшылығы мәселесін шешу үшін «Алматыэлектротранс» ЖШС-да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасауда, атап айтқанда тамақ ұйымдастырылып, қажетті киім формалары сатып алынуда. Ынталандыру үшін сыйлық ақшалар төленуде. Бұл жүргізуші мен қызмет көрсететін құрамның тапшылығын шешуге мүмкіндік беруде. Тек ақпан айында ғана 100 жүргізуші қабылданды. Алдағы екі айда тағы 400 адам жұмысқа қабылданатын болады.

Өткен айда 100 автобус жөнделді, алдағы үш айда тағы 90-ы іске қосылады, ал жыл соңына дейін қосымша 100 бірліктегі көлік жөнделіп, пайдалануға берілетін болады. Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартып, көлік бағыттарының санын ұлғайтуда. Жүргізушілердің жұмысын бақылау диспетчерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады. «AET» жеке бағыттарында «Сапалы қызмет» пилоттық жобасы іске қосылады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қоғамдық көліктер тарпынан болатын жол-көлік апаттарының санын азайту үшін барлық автобустарда бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. Бүгінгі күні жеке тасымалдаушылар автобустарының 20%-ы бейнебақылау жүйесінсіз қалуда.

Бұдан өзге, Полиция департаментіне құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп желіге техникалық ақауы бар көліктерді шығарғандары және жүргізушілердің ЖКЕ бұзғаны, жолаушыларға қызмет көрсетуде тәртіп нормаларын сақтамағандары үшін автопарктер басшыларының жауапкершіліктерін күшейту тапсырылды.

Кездесуді қорытындылаған Алматы әкімі Б. Сағынтаев жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін күнделікті жұмыс жасауды тапсырды. Цифрландыру деңгейін көтеру және автопарктердің басқару үрдістеріне жаңа технологияларды енгізу қажет. Сондай-ақ, жеке автопарктердің жұмыстарына бақылауды күшейту және қоғамдық көлік аялдамаларын қалыпты жағдайда ұстау тапсырылды.

Новости партнеров