«Жасырынбақ ойнап жүрген»: бір үйдің 2 баласы тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды

«Жасырынбақ ойнап жүрген»: бір үйдің 2 баласы тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды
Жазым болған балалардың бірі – 4, екіншісі 6 жаста болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайғылы оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Михайловка ауылында болған. Төрт және алты жасар балалар тоңазытқыш ішінде қалып қайтыс болды, деп хабарлайды stan.kz.

Ата-анасы балаларын жергілікті уақыт бойынша сағат 11.55 шамасында іздей бастаған, бірақ олар бес сағаттан кейін барып ауладағы ескі тоңазытқыштан табылған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, балалар тығылмақ ойынын ойнап жүріп тоңазытқышқа кіріп алған. Тоңазытқыштың есігі жабылып, ішінен ашылмай қалған.

Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.

Новости партнеров