Эфиопиядағы апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде Қазақстан азаматтары болмаған. Қайтыс болғандар қатарында 33 елдің азаматтары бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, кеше Эфиопия астанасы Аддис-Абебадан ұшып шыққан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында барлығы 157 адам болған, олардың сегізі экипаж мүшелері болса, қалғандары жолаушылар.