Шатили (Мцхета-Мтианети өңірі) жолында жол апатынан 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
ІІМ "112" жедел жәрдемді шұғыл басқару орталығының мәліметінше, 23 тамыз күні кешке автокөлік апаты туралы қоңырау түскен. Микроавтобус таудағы жардан шамамен 80 метр биіктіктен құлап кеткен.
Оқиға орнында патрульдік және криминальдық полиция қызметкерлері, өрт сөндіру және құтқару топтары, жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Қалған жолаушыларды іздеу тоқтаған жоқ. Құтқару жұмыстары күрделі жер бедері мен метеорологиялық жағдайға қарамастан, барлық қауіпсіздік нормалары сақтала отырып үздіксіз режимде жүргізілуде.
Елдің ішкі істер министрлігі Грузия Қылмыстық кодексінің "Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады.